НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның астанасында қымбат үй сатылып жатыр. Жылжымайтын мүлік иесі баспанасын 1,4 миллиард теңгеге (3,6 миллион доллар) бағалады.
Пәтердің сатылып жатқаны туралы хабарландыру желіде жарияланды. Жазбаның астында Нұр-Сұлтанда сегіз бөлмесі, сондай-ақ алтыннан жасалған унитазы бар үй сатуға қойылғаны айтылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Суреттерге қарағанда, үй иелері өз баспанасын венециялық стильде безендіруге тырысқан.
Қолданушыларға сатылып жатқан үйдің ішкі көрінісі ұнамады.
"Мынау неғылған талғам?" – деп ашуланды kim_hand_made есімді қолданушы.
"Түрлендіріп жіберген, көзіңді ауыртады", - дейді jonik727.
"Үй емес, мұражай", - деп бағалады khasenovaassem.
Үйдің суреті жарияланған жазбаның астында бірнеше сағаттың ішінде алты жүзден астам пікір жазылды. Жазбаға екі мыңнан астам лайк басылды.