НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. Швециялық Грета Тунберг Нью-Йоркте БҰҰ саммитінің экология мәселелеріне арналған сессиясында сөз сөйледі.
"The eyes of all future generations are upon you. And if you choose to fail us, I say we will never forgive you."
— United Nations (@UN) 23 сентября 2019 г.
-- @GretaThunberg at UN #ClimateAction Summit. https://t.co/g4uXzT9aRM pic.twitter.com/2nBzFxsnxP
Ол саясаткерлерден табиғатқа кесірін тигізуді тоқтатуды талап етті.
"Сіздер бос сөздеріңізбен менің балалық шағымды, армандарымды ұрладыңыздар. Қайта менің жолым болды деуге болады. Өйткені кейбір адамдардың жағдайы бұдан да қиын. Экологиялық жүйе тас-талқан болып жатыр. Алайда сіздер тек ақша мен экономикалық өсім туралы ертегі айтуды ғана білесіздер" , деді Грета көзіне жас алып.
Тағы оқыңыз: Өмірге қауіпті: Ғалымдар теңіз суының тартылуына байланысты дабыл қақты
Грета Тунберг биліктің өскелең ұрпақтың үмітін ақтамағанын атап өтті. Сондықтан жастар мұны сатқындық деп қабылдайтынын айтты. Өйткені экологиялық жағдайды шешуге тура келіп отыр.
"Жас ұрпақ сіздерден үміт күтеді. Ал егер сіздер сол сенімді ақтамасаңыздар, біз сіздерді ешқашан кешірмейміз. Жазадан құтыла алмайсыздар", - деді жас қыз.
Грета Тунберг кім?
Грета Тунберг (Greta Thunberg) 2003 жылы 3 қаңтарда дүниеге келген. Швециялық актер мен опералық әншінің қызы. Депрессия мен психикалық проблемалардан соң экология мәселесіне қызығушылық таныта бастапты.
”Jag har ingen önskan om att träffa president Trump”, säger Greta Thunberg till DN. ”Det jag försöker göra nu är att skapa allmänbildning och informera människor om vad som händer och jag ser inte vad ett möte med Donald Trump skulle göra rent konkret.” https://t.co/hVhjKibd89
— Peter Wolodarski (@pwolodarski) 22 сентября 2019 г.
Ол отбасының еттен бас тартуына себепкер болған. Сондай-ақ, ұшақпен де ұшпайды. Грета Нью-Йоркке желкенді қайықпен жеткен.
Грета Тунберг БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш және актер Арнольд Шварценеггермен де кездесу өткізген.
Time журналы 2018 жылы Гретаны әлемдегі ең беделді 25 жасөспірімнің тізіміне енгізді. Биыл Швецияда жыл әйелі атанды.