Өңірлер

Төрт жас бақытты болсын: Жаңаөзенде ерекше той өтті – фото

CC0 / / Свадьба, иллюстративное фото
Свадьба, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Егіз жұптар отбасын құрды, жігіттер болашақ жарларын достарының үйіне қонаққа барған кезде кездестірген

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. Маңғыстау облысында Жаулы және Жар есімді егіздер апалы-сіңлілі Жанар және Шынар атты қыздарға бір күнде үйленді.

Үйлену тойы Жаңаөзен қаласында 22 қыркүйек күні өткен. Олар болашақ жарларымен осы жылдың сәуір айында танысқан, деп хабарлайды inaktau.kz порталы.

18 жастағы қыздарға 26 жастағы егіз жігіттер бірден ұнапты. Осылайша, жастардың бір-біріне деген сезімі махаббатқа ұласқан.

© Photo : Официальный сайт города АктауЕгіздердің үйлену тойы
Төрт жас бақытты болсын: Жаңаөзенде ерекше той өтті – фото  - Sputnik Қазақстан
Егіздердің үйлену тойы

Жаулы және Жардың анасы Гүлбаршын Исаева болашақ келіндерімен телефон арқылы сөйлесе бастағанын айтады.

"Алғашында қыздарды кездесуге шақырған. Олар бір-біріне ғашық болып қалды. Бір күні балаларым үйіме келіп, үйленгілері келетінін айтты. Осылайша, болашақ келіндермен таныстық", - деді ол.

Жанар мен Шынар – студент. Біріншісі өмірін банк саласымен байланыстырғысы келсе, екіншісі медбике мамандығын таңдапты. Соған қарамастан олар тұрмысқа шығуға шешім қабылдаған.

"Әрине, біз қыздармен енді танысып жатырмыз. Бірақ олар мықты екен. Маған үй жинауға көмектесіп жүр", - деді Гүлбаршын Исаева.

Ол егіз қыздарды бірден ажырататынын жеткізді.

"Бірінің кекілі бар, ал екіншісінде жоқ. Мен ұлдарымды да бірден танимын. Себебі, олар менің балаларым ғой. Олардың анасымын. Ал басқа адамдар шатастырып жатады", - дейді ана.

© Photo : Официальный сайт города АктауЖас келіндер ұлттық киімде
Төрт жас бақытты болсын: Жаңаөзенде ерекше той өтті – фото  - Sputnik Қазақстан
Жас келіндер ұлттық киімде

Гүлбаршын Исаеваның айтуынша, үйлену тойына дайындалуға 20 күннен астам уақыт кеткен. Алғашында қыз ұзату, кейін үйлену тойы болған. Әрбір тойға 400-ге жуық адам шақырылыпты.

Тағы оқыңыз: Нұрғали Нүсіпжановтың жас әйелі тағы бір қырынан танылды – видео

Айта кетейік, Бұл Маңғыстау облысындағы егіз жұптардың алғашқы үйлену тойы емес. 2015 жылдың қазанында Төребек және Жолдасбек Төлепбергенұлы атты егіз жігіттер Асыл мен Айым Биназаров есімді қыздарға үйленген болатын.

Жаңалықтар
0