Әлем

Аюлар жолда төбелесті, оны қасқыр бақылап тұрды – видео  

© Photo : СС0 / Ellen26Бурые медведи
Бурые медведи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жануарлар алдымен бір-біріне сес көрсетіп, ақырады, содан кейін артқы екі аяғымен тұрып, төбелесті бастап кетеді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. Канада тұрғыны Кари МакГилливрей екі қоңыр аюдың арасындағы кескілескен айқасты видеоға түсірді, деп хабарлайды РИА Новости.

Роликтен жануарлардың алдымен бір-біріне сес көрсетіп, ақырғанын, содан кейін артқы екі аяғымен тұрып, төбелесті бастап кеткенін көруге болады. Бір кезде арт жақтан қасқыр пайда болады, бірақ ол жақындамайды, қақтығысты алыстан бақылап тұрады. Видео аюлар операторға қарай жүгіріп келе жатқан жерден аяқталады.

Ролик желіде жылдам тарап, бір-екі күннің ішінде екі миллионға жуық адам көріп үлгерді.

Британдық Колумбия табиғатты қорғау қызметінің өкілдері биыл адамдар мен аюлардың арасындағы қақтығыстарға қатысты рекордтық көлемде қоңырау түскенін айтты, деп жазды Vancouver Sun.  

Мамандар тұрғындарды үйдің жанында жануарларды қызықтыратын заттарды: қоқыс пен тамақ қалдығын қалдырмауға шақырып отыр.

Жаңалықтар
0