НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Америка Құрама Штаттарының орташа қашықтықтағы зымырындарды жасау бағдарламасын қаруланудан жарыс деп есептейді. Бұл жөнінде Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлады.
"Америка Құрама Штаттарының орташа қашықтықтағы зымырандарды жасауды жаңғыртуы қаруланудан жарысқа жасалған тағы бір қадамға айналды. Бұл әлемдегі старетегиялық баланс пен тұрақтылыққа кері әсер етеді. Бұған қоса, елдер арасындағы сенімсіздікті күшейтіп, халықаралық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді", - деді ҰҚШҰ штабының басшысы Анатолий Сидоров Мәскеу- Бішкек- Ереван-Минск-Нұр-Сұлтан видеокөпір форматындағы баспасөз мәслихатында.
Анатолий Сидоровтың айтуынша, заманауи әскери-саяси жағдай одан әрі қарама-қайшы сипатқа ие болып келеді. Бұл тұста дамып жатқан кері процестер халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке көптеген қауіп төндіреді.
"АҚШ-тың біржақты әскери үстемдік алуға ұмтылысы халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіріп қана қоймай, шиеленістің күшеюіне себеп болып отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Вашингтон қару-жарақты бақылау жөніндегі келісімшарт базасын жоюды жалғастыруда", - дейді Анатолий Сидоров.
Сондай-ақ, ол 2019 жылы өтетін кең ауқымды "Әскери бауырластық" оқу-жаттығулары туралы хабарлады.
"Әскери бауырластық" оқу-жаттығулары
"Әскери бауырластық 2019" жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы 2019 жылдың 8-29 қазаны аралығында Шығыс Еуропа және Орта Азия өңірлеріндегі үш елдің аумағында өтеді.
Оқу-жаттығуларға Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстаннанның бітімгершілік контингенттері, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық бітімгершілік күштерінің (ҰҚК) құрамына кіретін полиция бөлімшелері қатысады.
Халықаралық Қызыл Крест комитетінің, ҰҚШҰ Біріккен штабы мен Хатшылығының өкілдері де шақырылған.