Қоғам

Баянауылда екі күннен бері дала өртеніп жатыр

© Sputnik / Юрий Куйдин / Медиабанкке өтуКурорт Баян-аул в Павлодарской области, архивное фото
Курорт Баян-аул в Павлодарской области, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баянауыл ұлттық паркіндегі өртті сөндіруді қатты жел қиындатып отыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Баянауыл ұлттық паркінде екі күннен бері дала өртеніп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар онлайн (@pavlodar.online)

ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, Баянауылда қатты жел соғып тұр. Оған қоса, жылы ауа-райы жағдайды ушықтырған.

"Ауа-райына байланысты өрт сөндіру қиындап кетті. Қазіргі кезде Павлодар облысында қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды. Түнде кейбір жерлерде жаңбыр болды. Жағдай сәл жақсарған сияқты", - деді Беккер астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының сөзіне қарағанда, әзірше өрттің себебі анықталған жоқ.

"Бүгін біз таңғы 8:15-те өрт аймағын жоғарыдан қарап шықтық. Оның ауданы 93 гектарды құрап отыр. Өрттің нақты бір шеті көрінбейді. Өртке оранған аймақтың ішінде жанып жатқан учаскелер бар. Қазіргі кезде соның бәрін сөндіріп жатырмыз", - деп атап көрсетті Беккер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Экибас в Теме😎 (@ekibas_v_teme)

Айта кетейік, кеше, 22 қыркүйек күні Баянауыл кентінен 25 шақырым шалғай жерде дала өрт басталған болатын. Ол кезде өрттің аумағы 2,5 гектар болған. Бүгінде тілсіз жауды ауыздықтау шараларына 120 бірлік техника және төтенше жағдайлар департаментінің 500-ге жуық қызметкері қатысып жатыр. Ми-8 және Ми-26 тікұшақтар да тартылды.

Жаңалықтар
0