НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың әкесінің інісі Аманбек Құлыбаев қайтыс болды.
"Қазақстан республикасының Ұлттық олимпиада комитеті Тимур Құлыбаевтың жақындары мен туыстарына ағасы Аманбек Құлыбаевтың қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады", - деп жазылған Ұлттық олимпиада комитетінің сайтында.
Тағы оқыңыз: Құлыбаевтар байлардың тізімінде бірден 194 орынға көтерілді
Аманбек Құлыбаев – Тимур Құлыбаевтың әкесінің інісі. 1939 жылы туған, сексен жасқа қараған шағында қайтыс болды. Тимур Құлыбаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші қызы Динараға үйленген.