НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде түнде жауын-шашын (жаңбыр, жабысқақ қар) түседі, күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қатты жел соғады.
Дабылды ескертулер
Нұр-Сұлтан: 25-26 қыркүйекке қараған түні топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді деп болжануда.
Сейсенбіде Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. 25-26 қыркүйекке қараған түні кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді.
Ақтөбе облысында кей жерлерде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15 метрге жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Тағы оқыңыз: Қыркүйек айына ауа райы болжамы жарияланды
25-26 қыркүйекке қараған түні Қарағанды облысында кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді деп болжануда.
Сейсенбі, 24 қыркүйекте Қостанай облысында түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік сақталып қалады.
Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан және шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
24 қыркүйекке қараған түні Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 1-3 градус үсік сақталады.
Өңірлердегі ауа райы
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейеді – 15-20, кей жерлерде –23-28, екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді немесе одан жоғары болады, кей жерлерде бұршақ жауады.
Павлодар облысында да жел күшейеді – 15-20, кей жерлерде –23-28, екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді немесе одан жоғары болады.
Қостанай облысында кей жерлерде желдің күші –15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Ақтөбе облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл көтеріліп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метр болады деп болжануда.
Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Алматы облысында найзағай кезінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді деп болжануда.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының жекелеген аймағында төтенше өрт қаупі сақталады.
Мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады. Тәулік ішінде температура 8-13 градус шегінде ауытқиды.
Алматыда синоптиктер көшпелі бұлт шығады деп болжайды, күн жауын-шашынсыз. Күндіз ауа 22 градусқа дейін жылынады, түнде сынап бағанасы 14-17 градус жылыны көрсетеді.
Шымкентте де көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз 22-24 градус, түнде 14-17 градус жылы болады.