Қоғам

"Жол апатын жасырып қалған": Балқаштың бұрынғы әкімі күдікке ілінді

© Sputnik / Рамиль СитдиковҚұжаттар, архивтегі сурет
Құжаттар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкімдіктің лауазымды тұлғалары жол апатын жасырып, мемлекетке 3 миллион теңгеден аса шығын келтірген

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Балқаш қаласының бұрынғы әкімі, аппарат басшысы мен әкімдіктің басқа да лауазымды тұлғалары қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасап.

Балқаш өңірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Балқаштың бұрынғы әкімі, "Балқаш қаласы әкімі аппараты" ММ басшысы мен әкімдіктің басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.

"Олар лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды және қызмет бабында жалған құжат жасады деп айыпталып отыр. Осылайша мемлекетке 3 миллион теңгеден аса шығын келтірген", - делінген хабарламада.

Агенттіктің ақпаратынша, күдіктілер аппарат басшысы қызметтік автокөлікпен жасаған жол-көлік оқиғасын жасырып қалған. Бұған дейін ол сот шешімімен үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған екен.

Тағы оқыңыз: Алматыда экс-депутат 10 жылға сотталды: адвокаттар үкімге шағым түсірді

Әкімдіктің лауазымды тұлғалары ресми құжаттарға жалған мәлімет енгізіп, әкімдікке қарасты "СуЖылуТранс" кәсіпорнының жарғылық капиталын толтыру желеуімен жарамсыз автокөлікті заңсыз тапсырған.

Тергеу жалғасып жатыр.

Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Жаңалықтар
0