Әлем

Жүгіруге шыққан қыз күтпеген жерден аяғынан айырылды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуУчастники на дистанции марафона, архивное фото
Участники на дистанции марафона, архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қант диабетіне шалдыққан бойжеткен жаттығулардың бірінде аяғының ауыра бастағанын сезеді. Оның бақайындағы тырнақ ет ішіне кіріп өсіп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Англиядағы Дербишир графтығының тұрғыны жүгіремін деп аяғынан айырылды, деп жазады Daily Mail басылымы.

2015 жылдың ақпанында 27 жастағы Хизер Сатчвелл (Heather Satchwell) қайырымдылық шарасына қатыспақшы болып дайындалады. Ол бес шақырым жүгіруі қажет болатын. Алайда жаттығулардың бірінде Хизер бақайының тырнағы ет ішіне кіріп өскенін көреді. Ол біртіндеп ауыра бастаған. Хизер қант диабетімен ауырады. Сондықтан бірден дәрігерге қаралады. 27 жастағы қызда диабетикалық нейропатия дертінің белгілері байқалған.

"Мен өте сақ болу керектігін білетінмін. Саусағым қызарған соң, бірден ауруханаға бардым. Маған дәрігер антибиотик жазып берді. Бірақ олар көмектескен жоқ", - дейді ол.

Жеті айдан соң, хирургтер әйелдің аяғындағы ішіне кіріп кеткен тырнағын алады. Алайда келесі жылдың маусым айында оң аяғындағы бармағын кесіп тастауға тура келеді. Бұған қарамастан, инфекция әйелдің денесіне жылдам тарап кеткен. Сондықтан 2018 жылдың маусымында дәрігерлер амалсыздан Хизер Сатчвеллдің оң аяғын тізеге дейін кесіп тастайды.

Тағы оқыңыз: Күйеуінің мінезіне көндіге алмаған әйел ажырасуға бел буды

Әйел бұл жағдайдан соң өмірінің адам танымастай өзгергенін айтады. Ол операцияға 5 күн қалғанда қызымен бірге жаңа үйге көшті. Мүгедек арбасы үйде көп орын алғанын айтады.

Diabetes UK порталдың мәліметіне сәйкес, қант диабетіне шалдыққан науқастардың инфекция салдарынан аяқ-қолынан айырылу қаупі 15 есе жоғары болады. 

Сондай-ақ, диабет кезінде қан айналымы жүйесі бұзылып, жараның жазылуы ұзақ уақытқа созылады.

Жаңалықтар
0