НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті митинг кезінде жасөспірімдер ұсталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полиция департаменті 21 қыркүйекте елордада өткен митинг кезінде "жасөспірім" қыздың ұсталуына қатысты түсініктеме берді. Бұған дейін әлеуметтік желілерде қыздың кәмелетке толмағаны туралы ақпарат тараған еді.
Департаменттің мәліметінше, видеодағы А. есімді қыз 2000 жылы туған.
"Полицейлер одан бірнеше мәрте заңсыз миингке қатысуын доғаруды сұрады. Алайда ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талабын елемей, тіпті, оларды итеріп, агрессия көрсетті", -деп хабарлады елорданың полиция департаменті.
Тағы оқыңыз: Министрлік Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингтерге қатысты мәлімдеме жасады
А. есімді азамат дәл осы себептен ұсталған. Қызды ұстаған кезде, жеке басын куәландыратын құжаты болмапты. Алайда кейін анасы жүгініп, ол үйіне жіберілді.
Еске сала кетсек, 21 қыркүйекте Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митингтер өтті. Түрлі заң бұзушылық жасағаны үшін 57 адам ұсталған.