НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында ерекше кейіпте түскен суретін жариялады.
Орындаушы қара түсті киім киген, ал оның иығында бүркіт қанаттарын жазып отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әнші суретке актер Джеки Чанның: "Қолымнан ештеңе келмейді дейтін адамдарға ешқашан сенбеңіз. Олар бейбақтар және бейбақ болып қала береді" деген дәйексөзін жазып қойған.
Сонымен қатар, Димаш италиялық тенор Андреа Бочеллиді туған күнімен құттықтады. Орындаушы 22 қыркүйекте 61 жасқа толды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Димаш Андреа Бочеллимен мамырда кездесті, бірақ кездесудің дәл қай жерде өткені жұмбақ күйінде қалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жұма күні кешке әртістің Қытайдағы сериалдардың біріне жазылған саундтрек бойынша бейнебаяны шықты.
Димаш өнер көрсетуге дайындалып жатыр – ол 26 қазанда Нью-Йорктегі Barclays Center сахнасында "сыналады", онда ол Игорь Крутойдың мерейтойлық концертіне қатысады. Қараша айының соңында ол Санкт-Петербургке жеке концертін беруге аттанады, ал желтоқсан айының басында Barclays Center спорт аренасына қайта оралады.