НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. "Қазгидромет" РМК республиканың бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
21 қыркүйекте Ақмола облысында түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді. Күндіз найзағай ойнап, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.
Ертең түнде Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аймағында 1-3 градус үсік болады деп болжанып отыр. Күндіз найзағай жарқылдайды, жел тұрады. Петропавлда найзағай ойнайды.
Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түседі. Түнде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз жел соғады.
Тағы оқыңыз: Қар жауып, күн суытады – синоптиктер қыркүйек айына болжам жасады
Қызылорда облысында желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде – найзағай, қатты жел. Ақтау қаласында да найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Атырау облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, күндіз солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін барады. Атырау қаласында да найзағай ойнап, жел соғады деп болжануда.