Қоғам

"Жусан" операциясы: Сириядан қанша бала елге оралды?

© AFP 2024 / OMAR HAJ KADOURКолонна турецкой техники на границе с Сирией, архивное фото
Колонна турецкой техники на границе с Сирией, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сирияда мектеп, тіпті мектепке дейінгі жастағы қазақстандық балалар болған. Қазір олармен педагогтар мен психологтар жұмыс жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Жыл басынан бері қақтығыс аймағынан Қазақстанға 520 бала мен 142 әйел оралған. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бірнеше операция (Жусан – Sputnik) жүргізілгенін жақсы білесіздер. Жүздеген бала елге оралды. Олардың дені мектеп, тіпті мектепке дейінгі жастағы балалар. Қазір педагогтарды, психологтар мен басқа да мамандарды тарту арқылы ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Нәтижесі де жаман емес", - деді Аймағамбетов мәжіліс кулуарында.

Білім және ғылым министрлігінің ақпаратынша, 2019 жылдың қаңтарынан қақтығыс аймағынан Қазақстанға 520 бала мен 142 әйел оралған.

Айта кетсек, "Жусан" гуманитарлық операциясын тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Бұл бастама былтырдан бері жүзеге асып келеді.

Тағы оқыңыз: Сириядан құтқарылған әйелдің арам пиғылы әшкере болды

28-31 мамырда "Жусан" арнайы гуманитарлық акциясының соңғы кезеңі өтті. Қазақстанға оралған балалар оңалтудан өтіп, арнайы бейімдеу орталығына орналастырылғаны хабарланған еді.

Жаңалықтар
0