Видео

Қазақстандық сериал "ТЭФИ- Достастық" жүлдесін жеңіп алды – видео

Жазылу
"ТЭФИ- Достастық" сыйлығының қазақстандық лауреаттары Sputnik тілшісіне қорытындыны жариялаған сәтті қалай күткендерін айтып берді

Болған оқиғаға негізделген қазақстандық "Алтыншы бекет" сериалы "ТЭФИ-Достастық" телевизиялық жүлдесін жеңіп алды.

Мүсіншені алу үшін сахнаға "Хабар" агенттігі" АҚ бас директоры Динара Бисембина мен басты рөлді сомдаған актер Сануржан Сүлейменов шықты.

Тағы оқыңыз: Нұртас Адамбайдың фильмі АҚШ-та 3 жүлдені жеңіп алды

Видеода жеңімпаздар Sputnik тілшісіне нәтижені жариялағанға дейін және одан кейін қандай сезімді бастан өткергендерін айтады.

"Алтыншы бекет" көп сериалды фильмінде 2010 жылы Ақтауда қатаң режимдегі колониядан 21 тұтқынның қалай қашқаны туралы айтылады. Ол кезде күзет бекетінде 19 жастағы қатардағы әскери қызметші Ербол Отарбаев тұрған. Ол қорықпай, бандиттерге қарсы тұрды.

Жаңалықтар
0