Өңірлер

Байқоңыр толық тазартылады – ғарыш айлағынан не шығарылады

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуСтарт ракеты-носителя "Союз-ФГ" с пилотируемым кораблем "Союз МС-11"
Старт ракеты-носителя Союз-ФГ с пилотируемым кораблем Союз МС-11 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлемдегі ең ірі ғарыш айлағының аумағында рұқсат етілмеген қоқыс полигондары жойылып, бірнеше карьерлер қалпына келтіріледі. Sputnik тілшісі толық тазалық жұмысының ақысын кім төлейтінін біліп көрді

МӘСКЕУ, 19 қыркүйек – Sputnik, Лев Рыжков. Байқоңыр ғарыш айлағында ауқымды экологиялық акция өткізу жоспарланған. Толық тазарту тонналаған қоқыс жиналған тоғыз учаскеде өтеді.

Жерді қалпына келтіру және рұқсат етілмеген қоқыс полигондарын жою жұмыстары, оның ішінде № 31 ұшыру алаңындағы жұмыстар Жердегі ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығының (Ресей) тапсырысымен жүзеге асырылады.

Жалпы аумағы 278 мың шаршы метр аумақты тазарту жұмыстары жүргізіледі. Алдын ала мәлімет бойынша, Байқоңырдан төрт мың тоннадан астам қоқыс шығарылады. Мұның бәрін ресейлік компаниялар Ресейдің мемлекеттік бюджеті есебінен жүзеге асырмақ.  

Ресей Федерациясының мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған техникалық тапсырмаға сәйкес, жұмыс тек қоршаған ортаны қорғау үшін ұйымдастырылады. Учаскелерде ешқандай құрылыс жұмыстары қарастырылмаған.

Тағы оқыңыз: Байқоңырды алда үлкен өзгерістер күтіп тұр – қала басшысы 

Карьерлерді қалпына келтірмес бұрын инженерлік-іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Санитарлық-биологиялық және санитарлық-паразитологиялық зерттеулер жасалады. Сондай-ақ, учаскелердегі радиациялық жағдай тексеріледі.

Осы жұмыстардың барлығына 1,9 миллион рубль (шамамен 30 мың доллар) қарастырылған. Жалпы зерттеу аумағы 61 мың шаршы метрді құрайды. Қазір бұл аумақтың жартысынан көбін қоқыс басып қалған.

Жұмыстың тағы бір бағыты – № 31 ұшыру алаңындағы қоқыс орындары. Бұл қалдықтар инертті санатқа жатпайды, яғни адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес. Әңгіме құрылыс қоқыстары, бетон және темір құрылымдар жайлы болып отыр. Келісімшарт сомасы – 3,3 миллион рубль (шамамен 52 мың доллар). Жиналған металл сынықтары Қазақстан тарапына беріледі.

"Бұл кейбір ғимараттар мен құрылыстарды пайдаланудан шығару кезінде пайда болатын құрылыс қалдықтары. Әңгіме зымырандар, қандай да бір "темір" жайлы болып отырған жоқ", - деп нақтылады Sputnik агенттігіне ММУ география кафедрасының экологиялық қауіпсіздік зертханасының меңгерушісі Татьяна Королева.

Қазақстанда орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағын Ресей 2050 жылға дейін жалға алған.

Жаңалықтар
0