Саясат

Жаңа сыртқы істер министрі тағайындалды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін сыртқы істер министрі болған Бейбіт Атамқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған еді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа сыртқы істер министрін тағайындады. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

"Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Бұған дейін сыртқы істер министрі лауазымын Бейбіт Атамқұлов иеленген еді, ол индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалуына қатысты қызметінен босатылды.

Мұхтар Тілеуберді туралы не білеміз

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді 1968 жылы 30 маусымда туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка институтында және Йенсе Университеті (Корей Республикасы) жанындағы Тілдер институтында тәжірибе алған.

Университетті аяқтағаннан кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеген.

Тағы оқыңыз: Тоқаев екі министрді қызметінен босатты

ҚР СІМ-дегі дипломатиялық қызметін 1993 жылы атташе болып бастады.

Әр жылдары Малайзия, Индонезия, Филиппин, Швейцария және тағы басқа мемлекеттерде елшілік қызметті атқарған. "Төтенше және өкілетті елші" дипломатиялық дәрежесі бар.

2016 жылдың наурызында сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Жаңалықтар
0