Саясат

Президент Қарағанды облысы әкімін қызметінен босатты

© Photo : Служба центральных коммуникацийЕрлан Кошанов
Ерлан Кошанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылдың наурызынан бері Қарағанды облысы әкімі қызметін атқарған Ерлан Қошанов жаңа лауазымға ие болды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошановты қызметінен босатып, басқа лауазымға тағайындады. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.

"Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Ерлан Қошанов туралы не білеміз

Ерлан Қошанов 1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген.

Әр жылдары Қазақстанның көлік және коммуникация вице-министрі, көлік және коммуникация министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы, премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, парламент мәжілісіндегі үкімет өкілі қызметтерін атқарған.

Тағы оқыңыз: Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

2012 жылдың 2 ақпанындағы Қазақстан үкіметінің қаулысымен премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ал 2017 жылдың 14 наурызында Қарағанды облысының әкімі қызметіне келді.

Жаңалықтар
0