Спорт

Василий Левит әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірер емес – видео

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуВасилий Левит одержал победу в поединке против Марата Григоряна
Василий Левит одержал победу в поединке против Марата Григоряна  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Қазақстандық боксшы Василий Левит Екатеринбургтегі әлем чемпионатында кезекті қарсыласын жеңді. Дода 21 қыркүйекке дейін жалғасады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қазақстандық боксшы Василий Левит әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп келеді. Ол 1/8 финалында Марат Григорянді жеңді.

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Василий Левит украиналық қарсыласы Марат Григоряннан ұпаймен басым түсті.

Енді қазақстандық спортшы иорданиялық боксшы Хуссейн Ишаишпен жекпе-жек өткізеді.

Әлем чемпионаты 21 қыркүйекке дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз: Сәпиев бокстан әлем чемпионатында кімнен медаль күтетінін айтты

Левит 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада сәтті өнер көрсеткен болатын. Ол жартылай финалда кубалық қарсыласын жеңді. Алайда финалда ресейлік Евгений Тищенкодан ұпаймен жеңілді.Кейін бұл жекпе-жектің төрешілеріне Ойындарда төрешілік етуге тыйым салынды. Бірақ жекпе-жектің нәтижесі қайта қаралған жоқ.

Жаңалықтар
0