Оқиға

Ресейде қазақстандық әйелді ұрлап, зорлап кетті - БАҚ

© Photo : Рixabay/StockSnapДевушка
Девушка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адамның пәтеріне түнде қарақшылық шабуыл жасалған: тонаушылар үйге басып кіріп, әуелі қомақты көлемде ақша талап етеді, артынша әйелді ұрлап әкетіп, зорлап тастаған

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек — Sputnik. Санкт-Петербургте 38 жастағы қазақстандық әйелді қарақшылар ұрлап әкетіп, зорлап тастады. Бұл туралы "Оперативное прикрытие" порталы хабарлайды.

Зардап шегуші айтқандай, түнгі сағат екі шамасында пәтеріне үш ер адам басып кірген. Тонаушылар үй иесінен миллион рубль (алты миллион теңгедей) талап етеді. Содан кейі қарақшылар әйелді бір жаққа ұрлап әкетіп, зорлап кетіпты.

"Күдіктілердің бірін полицейлер ұстады. Ол 21 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты. Қазір құқыққорғаушылар оның екі сыбайласын іздеп жатыр", - делінген басылым мәліметінде.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға хабарлағандай, қазақстандық дипломаттар ақпаратты тексеріп жатыр.

Еске сала кетсек, 22 тамызда осыған ұқсас жайт Екатеринбург қаласында болды. Ресейлік БАҚ қазақстандық қызды бірнеше полицей зорлады деп хабарлаған.

Тағы оқыңыз: Сотта жылап жіберді: сүйіктісін досымен жабылып зорлаған жігітке үкім шықты

Күдікті тәртіп сақшыларын Свердлов облысы бойынша ІІМ бас басқармасының жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері ұстады.Тергеушілер үш полицейді де қамауға алуды сұрапты.

Қазақстанның Қазандағы бас консулдығы Ресейдің Свердлов облысы бойынша ІІМ бас басқармасына оқиға жайында мәлімет беруді сұрап жазбаша сауал жолдады.

Жаңалықтар
0