Өңірлер

Шымкентте бала кір жуғыш машинаның ішінен шыға алмай қалған

© Sputnik / Сергей Венявский / Медиабанкке өтуСтиральная машина, архивное фото
Стиральная машина, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкентте құтқарушылар баланы кір жуғыш машинадан әрең шығарды. Оқыс оқиға 16 қыркүйек күні кешке болған

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Шымкенттегі Асар-2 шағын ауданында 3 жасар бала жартылай автомат кір жуғыш машинаның ішіне кіріп, шыға алмай қалған.

16 қыркүйек күні кешке шаһардағы Асар-2 шағын ауданының тұрғыны қалалық төтенше жағдайлар департаментінің диспетчеріне хабарласып, ұлының аяғы кір жуғыш машинаның ішіне қыстырылып қалғанын айтқан.

"Ата-ана баласын кір жуғыш машинаның ішінен шығармақшы болғанмен, одан еш нәтиже болмаған", - дейді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі.

Оқиға орнына 4 құтқарушы шұғыл аттанған. Олар темір кесуге арналған қайшының көмегімен баланың аяғын кір жуғыш машинаның ішінен шығарған.

Бүгінде баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Жаңалықтар
0