НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитованың қазасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Барлығыңызға мәлім, ол жерде өз-өзіне қол жұмсау фактісі болған. Қазір Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.
"Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитова 16 қыркүйекте көз жұмды. Белгілі болғандай, әнші таңғы тоғыздар шамасында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы туған ауылында қаза болған.
Тағы оқыңыз: "Менен кешірім сұраған": Керменбаев Жанар Хамитова туралы жазба жариялады
Қарағанды облысының полиция департаменті бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105 бабы 1-тармағы (Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу) бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.