Оқиға

Пойыз апаты: министр автобуста қалып қойған әйелдің аты-жөнін жариялады  

© Sputnik / Тимур БатыршинФото с места ЧП на перегоне "Алматы - Шамалган" , где автобус столкнулся с поездом
Фото с места ЧП на перегоне Алматы - Шамалган , где автобус столкнулся с поездом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші бірден артқы есікті ашқан, 16 адам автобустан сыртқы шығып үлгерген. Апат кезінде көліктің ішінде төрт адам болған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Бүгін министрлер шұғыл баспасөз мәслихатын өткізіп, Шамалған теміржол өткелінде болған апаттың мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, автобус өткелден өтемін дегенде көлік кептелісіне тап болған. Көлік жүргізушісі алыстан келе жатқан пойызды көрген.

"Ол бірден артқы есікті ашқан. 16 адам автобустан сыртқы шығып үлгерген. Апат кезінде көліктің ішінде төрт адам болған. Жүргізуші және бір әйел екі баласымен. Автобус жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Қалған үш адам Қарасай аудандық ауруханасында ауыр жатыр. Дәрігерлер олардың өмірін сақтау үшін бар күшін салып жатыр", - деді Тұрғымбаев астанада өткен баспасөз мәслихатында. 

Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр зардап шеккендердің аты-жөнін жариялады. 

"Зардап шеккендердің ішінде 1986 жылы туған Жәнібекова Эльвира Әбдірқызы және оның екі қызы бар. Балалар 2014 және 2016 жылы туған. Эльвира Әбдірқызының өзі Алматы локомотив депосының қызметкері болып шықты. "Қазақстан темір жолы" компаниясы оны емдеу және оңалту жағынан барлық көмекті көрсетеді", - деп атап көрсетті Скляр. 

Айта кетейік, кеше, 15 қыркүйек күні кешкі сағат 19.08-де Ақсеңгір-Шамалғанның теміржол өткелінде "Алматы-Қостанай" бағытындағы жолаушылар пойызы "Алматы-Қаскелең" бағытындағы рейстік автобуспен соқтығысқан. Желіде куәгерлер түсірген жантүршігерлік апаттың видеосы тараған болатын.
 


 

Жаңалықтар
0