Спорт

Де ла Хойя GGG – "Канело" үшінші жекпе-жегінің мерзімін ресми жариялады

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsДуэль взглядов Сауля Альвареса и Геннадия Головкина
Дуэль взглядов Сауля Альвареса и Геннадия Головкина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алғашқы жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды, екіншісінде төрешілердің шешімімен "Канело" жеңіске жеткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (52-1-2, 35 КО) промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жек қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

"Головкин келесі жылы біздің қарсыластарымыздың бірі болады. Ол солай болуы керек! Адамдар оны көргісі келетіні анық. Әлем бұл жекпе-жекті қалайды және Головкин де бұған лайық", - деді Де ла Хойя.

Үшінші жекпе-жекке букмекерлік кеңселердің бірі мынадай коэффициент ұсынып отыр: Альварестің жеңісі — 1.7, Головкиннің жеңісі — 2.15, тең нәтиже — 25.

Мұндай жауап күткен жоқ: Головкин журналистерді қалай састырды?

Еске сала кетейік, алғашқы жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды, екіншісінде төрешілердің шешімімен "Канело" жеңіске жетті.

Жаңалықтар
0