НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысындағы Шамалған станциясында пойыз автобуспен соқтығысты.
Алдын ала деректер бойынша, оқиға бүгін кешкі 19.20 кезінде Екатеринбург-Алматы тас жолында болған. Желіде куәгерлер жантүршігерлік апаттың видеосын жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Автобус жүргізушісі сигналға қарамастан, темір жолға шыққан. Салдарынан пойыз автобуспен соқтығысты", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Sputnik Қазақстанға зардап шеккендердің саны мен олардың жағдайы туралы хабарлаған жоқ.