Саясат

Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневГабидулла Абдрахимов
Габидулла Абдрахимов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі болған Ғабидолла Әбдірахымов билікке деген сенімді кетірді деген себеппен отставкаға жіберілген еді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды.

"ҚР премьер-министрінің өкімімен Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов Қазақстан Республикасының премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды", - деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Кирово ауылында (қазіргі Түркістан облысы) туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша тәмамдаған, "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін біледі.

Әр жылдары мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, премьер-министр кеңсесінің басшысы, бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Nur Otan партиясының хатшысы қызметтерін атқарған. 

Тағы оқыңыз: Ғабидолла Әбдірахымов туралы қызықты деректер

2018 жылдың 20 маусымында Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалып, биыл 30 шілдеде отставкаға кетті. Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Ғабидолла Әбдірахымовтың жүріс-тұрысы билікке деген сенімді кетіреді деген болатын.

Жаңалықтар
0