АЛМАТЫ, 12 қыркүйек — Sputnik. Алматыда ер адам тапа-тал түсте балалы әйелді тонап кетті.
Оқиға бүгін, 12 қыркүйекте болған. Оқиға орнында түсірілген видео Instagram-дағы Kris.p.almaty паблигінде жарияланды.
Кадрда ер адамның балалы әйелге жақындап барғаны көрінеді. Ол оның мойнына жармасады, әйел төбелесе кеткен.
Тағы оқыңыз: Павлодардың екі тұрғыны өз балаларын тонап кетті
Полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адам әйелдің мойнындағы алтын алқаны жұлып алғанын хабарлады.
Шабуылдаушының сыртқы келбеті азиялық мен дене бітімі мығым екені анықталды. Жедел қызметкерлер айналаны шолып шықты, бірақ қылмыскерді таба алмады.
Сондай-ақ, қазіргі таңда Жетісу аудандық полиция басқармасында жедел тергеу тобы құрылды.
"Бірнеше бейнебақылау камерасынан алынған деректер қылмыстық істің материалдарына қосылды. Қаскүнемнің жеке басы анықталуда. Ол жақын арада ұсталады", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті ұсталып, кінәсі дәлелденсе, ол төрт жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.