Оқиға

Павлодар облысында бұқасын іздеп кеткен тұрғынның денесі ауыл шетінен табылды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевБык
Бык - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамның денесін ұлы ауылдың шетінен тапқан. Қазіргі уақытта полиция бұл фактіні тіркеуге алып, тиісті сараптамалар тағайындады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек — Sputnik. Павлодар облысында бұқа өзінің 62 жастағы иесін сүзіп өлтірді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жазатайым оқиға 11 қыркүйекте, сәрсенбі болған. Таңғы сағат сегіздер шамасында жемдеуге қойған бұқа босап кетіп, ауылдың табынына қосылу үшін түзге тартады.

Малдың иесі бұқаны қайтару үшін малдың артынан жүгіріп кеткен. Бірақ кейін бұқаның ер адамға тап беріп, оны сүзіп өлтіргені белгілі болды.

62-жастағы тұрғынды ұлы ауылдың шетінен тауып алған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл фактіні тіркеуге алып, тиісті сараптамалар тағайындады.

Жаңалықтар
0