Видео

Қыз болып киінген Нағима Есқалиеваның ұлы жұрттың көңілін көтерді - видео

Жазылу
Танымал әнші Нағима Есқалиеваның ұлы жаңа клип түсіріп, жұрттың қызу талқысына түсті

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев тыңдармандарын тағы таңғалдырды. Бұл жолы ол клипінде қыздың рөлін ойнаған.

Диас "Boom" атты әніне жаңа клип түсірген. Бейнебаяннан әншінің бірнеше образын көруге болады, әсіресе қыздың рөлі жұрттың ерекше қызығушылығын тудырды. Оның жаңа музыкалық туындысы Gakku TV телеарнасының Youtube каналында жарияланды. 

Диас Аблаевтың жаңа образы тыңдармандарының пікірін екіге бөлді.

"Мен қарсымын. Еркек еркек болып қалуы керек. Хайп үшін осындай деңгейге түскен бе?", - деп жазды желі қолданушыларының бірі әншінің Іnstagram желісіндегі жеке парақшасында.

"Еуропаға ұқсап бара жатқан сияқтымыз. Мен қыз бала ұлдың киімін кисе, түсінер едім. Бірақ ер адам қыздың киімін киіп тұр ғой. Кешіріңіздер, бұл мүлде ақылға қонымсыз. Мұны өз басым түсінбеймін", - деп жазды екіншісі.

Алайда кейбір желі қолданушылары Диас Аблаевтың жаңа жұмысын мақтап, оған шығармашылық табыс тіледі.

"Жарайсың! Музыканың әуені керемет, жақсы ән екен", - дейді Салидат Жансейітова есімді қолданушы.

"Маған ұнады. Көңілім көтеріліп, күлкіге қарқ болдым. Тәжірибеңді жалғастыра бер", - деп жазды Анар Ескендірова.

"Керемет әнші. Барлығынан ерекшеленіп тұрады. Ешкімге ұқсамайды", - деген пікірін білдірді Әйгерім Мұқажанова.

Біраз адамға Диас Аблаевтың жаңа клипі ұнаған секілді. Олар әншінің батыл қадамына жоғары баға берді.

Жаңалықтар
0