НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің халық әртісі Александр Розенбаумға Мәскеудегі Герцен атындағы ғылыми-зерттеу онкологиялық институтында ота жасалды, деп хабарлайды "Москва" агенттігі.
БАҚ-тың мәліметіне сәйкес, әншіге ісікті алып тастау бойынша ота жасалған.
Ресейдің халық әртісі Александр Розенбаум
© Sputnik / Нина Зотина
/ Розенбаум 1 қыркүйек күні омыртқа дорсопатиясы диагнозымен ауруханаға түскен.
2018 жылдың жазында Иосиф Кобзон Розенбаумның онкологиялық клиникада ем алып жатқанын хабарлаған болатын. Алайда әртіс бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.
Тағы оқыңыз: Белгілі қазақстандық әнші жол апатына түсті – фото
Александр Розенбаум — Ресейдің халық әртісі, бірқатар ән авторы. Сондай-ақ, "Не хлебом единым", "Чтобы выжить" және "Афганский излом" фильмдеріне түсті.