Өңірлер

Шымкентте 17 оқушы ұсталып, екеуі қамауға алынды

© Sputnik / Табылды КадырбековКулак, иллюстративное фото
Кулак, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыс жасады деген күдікпен екі кәмелетке толмаған жасөспірім уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Шымкент полиция департаменті мектеп оқушыларының төбелесіне қатысты түсініктеме берді.

Қазіргі уақытта қылмыс жасады деген күдікпен екі жасөспірім уақытша қамауға алынды. Күдіктілерден пышақ, шолақ мылтық және травматикалық тапанша тәркіленген, деп хабарлады Otyrar.kz.

"Төбелес кезінде 16 жасар жасөспірім дене жарақатын алған. Атыс фактілері расталып отырған жоқ. ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыс жасады деген күдікпен екі кәмелетке толмаған жасөспірім уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды", - деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Саденова.

Сондай-ақ, полиция басқармасына 17 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізіліп, олардың құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоқтығы анықталуда. 

Еске салайық, 9 қыркүйек күні Шымкенттің "Сайрам" шағын ауданында, сағат күндізгі 14:00 шамасында мектеп оқушылары жаппай төбелесті. Куәгерлер олардың №65 мектеп-гимназиясы мен №46 мектептің шәкірттері екенін айтқан. Сөздеріне сенсек, жанжал кезінде оқушылардың қолында тас қана емес, пышақ пен тапанша да болған. Сондай-ақ, әлімжеттік жасаған жеткіншектердің өзара пышақтасқанын да көргендер бар. Бір емес, бірнеше рет оқ атқанын да естіген.

Жаңалықтар
0