НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры пара берді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
"Ғылым қоры" АҚ басқарма төрағасына пара беру фактісі бойынша іс тергеліп жатыр. Күдіктінің қаншалықты айыпты екенін сот шешеді", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметіне сәйкес, ер адам (аты-жөні аталмайды) "Ғылым қоры" АҚ басқарма төрағасына 5 мың доллар көлемінде пара бермек болған. Осылайша, ол ғылыми жобаларды қаржыландыру мәселесін шешуді жоспарлапты.
Тағы оқыңыз: Депутат 76 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды - видео
Осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қордың бұрынғы басшысы өз кінәсін мойындап, тергеу тобымен бірігіп жұмыс істеуге келісім бергенін хабарлаған.