Қоғам

Қосанов парламентке барып, жұртты алаңдатып отырған мәселені көтерді

© Photo : официальный сайт Центризбиркома РККандидат в президенты РК Амиржан Косанов
Кандидат в президенты РК Амиржан Косанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Митингілер туралы заң жобасы желтоқсан айына дейін әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Бүгін парламент мәжілісінде әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасы таныстырылды. Сол жерде қоғам белсендісі Әміржан Қосанов митингтер мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде заң үстемдігі бар, ал құқық үстемдігі жоқ. Сол сияқты Конституцияда митинг өткізуге құқық берілген. Алайда оны заңмен шектеп тастаған.

"Кеше президент Тоқаевтың өзі митингілер туралы заңдарды өзгерту туралы айтты. Бірақ ол заңнама қандай болады деп күтіп отырмыз. Тағы да баяғы сарынға салынып, әкімшіліктің табалдырығын тоздырып, қаланың шетіндегі түкке тұрмайтын алаңға барып, митинг ұйымдастырамыз ба? Жоқ, әлде өркениетті мемлекеттегідей орталық саябақтарда өткіземіз бе?", - деді Қосанов.

Тағы оқыңыз: Әміржан Қосанов билікке таласа алатын жаңа оппозиция құратынын айтты

Осы сұраққа әділет вице-министрі Наталья Пан жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, митингілер туралы заң жобасын әзірлеу туралы нақты тапсырма бар. Қазіргі кезде осы құжатты қай мемлекеттік орган әзірлейтіні талқыланып жатыр.

"Бұл заңды әзірлеуге ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жауапты болуы тиіс деп ойлаймыз. Заң жобасы 2019 жылдың желтоқсан айына дейін әзірленеді. Өзгерістер мен толықтырулар әзірленеді. Соның бәрі парламентте таныстыралады", - деді Пан.

Жаңалықтар
0