
Президент саяси реформалар "асығыстыққа салынбай", керісінше, кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырылып жүзеге асырылатынын айтты. Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес, деп мәлімдеді ол.
Тоқаев жолдауда азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бизнесті қолдау, әлеуметтік жаңғыру, өңірлерді дамыту бойынша құзырлы органдарда бірқатар тапсырма берді.
Бұл реформаларды іске асыруға үш жылда қанша қаражат жұмсалатынын Sputnik Қазақстан инфографикасынан біле аласыздар.