НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады. Жел күшейіп, бұршақ болады, деп хабарлады Қазгидромет.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада күндіз +15, кешке 8 градус жылы болады. Күн алабұлтты, аздаған жаңбыр болады.
Алматыда дүйсенбі күні жаңбыр болуы мүмкін. Күндіз +22, түнде 12 градус жылы.
Шымкентте де аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +22 , түнде 14 градус жылы.
Өңірлердегі ауа райы болжамы
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде найзағай болады, күндіз тұман күтіліп отыр. Желдің екпіні - секундына 15-20 метр.
Қарағанды және Ақмола облыстарында бұршақ жауады.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында жел күшейеді. Екпіні – 15-20 м/с.
Түркістан және Қызылорда облысында дауыл болады. Жамбыл облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы және Қостанай облыстарында найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метр. Қостанай облысында тұман күтіліп отыр.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында найзағай ойнайды, тұман түседі.
Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстары мен Ақтөбе өңірінің оңтүстігінде және Алматы облысының кейбір ауданында өрт қаупі жоғары.