Мәдениет

Мәскеуде Қазақстанның мәдениет күндері өтеді – фестивальдің бағдарламасы

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуВиды Москвы
Виды Москвы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәдениет күндері аясында мәскеуліктер қазақстандық фильмдерді көріп, балет әртістерінің және танымал әншілер мен музыканттардың өнерін тамашалай алады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек — Sputnik. Алдағы демалыс күндері Мәскеуде Қазақстан мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы өтеді.

7 қыркүйек, сенбі күні фестивальдің ашылу салтанатына орай Мәскеудегі ВДНХ сахнасында қазақстандық танымал әншілердің қатысуымен мерекелік гала-концерт болады, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ресми сайты.

Сондай-ақ бұл күні Мәскеу шаһары қала күнін атап өтеді.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда Екінші дүниежүзілік соғыс туралы көрме ашылды

Бейресми мәліметке сәйкес, Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері шарасының ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Сондай-ақ фестивальдің ашылу және жабылу рәсіміне Қазақстан мен Ресейдің ресми өкілдері, делегациялары атсалысады.

Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндерінің бағдарламасы

ВДНХ сахнасында "Астана балет" театрының солистері өнер көрсетеді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және "Астана Опера" театрының жетекші солисі Нұрлан Бекмұхамбетов және "Астана сазы" этно-фольклорлық ансамблі көрермендерге "Живет моя отрада" атты орыстың халық әнін арнайды. Кезінде бұл әнді Лидия Русланова, Александр Малинин, Иосиф Кобзон сынды беделді әншілер орындаған.

Опералық танымал әнші Салтанат Ахметова "Соловьи Великой Степи" атты композицияны халықаралық байқаулардың лауреаттары Айзада Капонова және Анастасия Кожухаровмен бірге орындайды.

Сонымен қатар бұл күні "Голос.Дети" (Украина) тележобасының жеңімпазы, талантты жас әнші Данэлия Төлешова да өнер көрсетеді. Ол француз әншісі ZAZ-дың Je voux әнін тыңдармандарға арнайды.

Қазақ операсының аты аңызға айналған әншісі, КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындайды.

The Jigits, El Divas музыкалық топтары және қобыз триосы, халықаралық конкурстардың лауреаты, домбырашы Абылай Тілепбергенов те фестифальге қатысып, өнер көрсетпек.

Мәдениет күндері аясында қандай фильмдер көрсетіледі

9-11 қыркүйек аралығында Мәскеудегі мәдени орындардың бірінде қазақстандық фильмдер көрерменге жол тартады.

Бірінші Третьяков галереясында "Қазақ хандығы. Алтын тақ" және "Әміре" фильмдері көрсетіледі.

"Иллюзион" кинотеатрында "28 панфиловцев", "Поэма о любви", "Безбородый обманщик" фильмдерін тамашалауға болады.

Жабылу салтанаты

11 қыркүйек, сәрсенбі күні Ресейдегі Қазақстан мәдениет күндерінің жабылу салтанаты өтеді. Шара П.И. Чайковский атындағы консерватория залында халықаралық конкурстың лауреаты Әмір Тебенихинның (фортепиано) концертімен басталады әрі мұнда Fortetrio мемлекеттік триосы да өнер көрсетеді.

Жаңалықтар
0