НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды.
"Мемлекет басшысы облыстың мұнай сервистік кәсіпорындарының біріне барып, Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізеді", - деп жазды Facebook-тегі парақшасында президенттің баспасөз хатшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысады деп жоспарланып отыр.