Өңірлер

"Үйінді астында қалуы мүмкін": депутат ауыл тұрғындарының жанайқайын жеткізді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуКот сидит на окне, архивное фото
Кот сидит на окне, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оның айтуынша, ауылдағы үйлер қарапайым құрылыс талаптарына сай келмейді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Тұрғын Сыздықов үкіметтен Ақмола облысы Красный Яр ауылындағы жағдайды шешуді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісмен премьер-министр Асқар Маминге Красный Яр халқының жанайқайын жеткізді. Айтуынша, ауылдағы үйлер қарапайым құрылыс талаптарына сай келмейді. Көп үйдің қабырғасы жұқа, гипсокартон және басқа материалдармен жасай салған.

"Қабырғадағы жарықшақтар қыстың қақаған аязында жылу сақтамайды. Оның үстіне өмір сүруге де қауіпті. Бүтін отбасы үйінді астында қалуы мүмкін", - деп алаңдады депутат.

Айтуынша, "жайлы үйдің" коммуналдық қызметтерінің тарифтері де шарықтап тұр. Тұрғындар аренда үшін де аз ақша төлемейтін көрінеді. Мұның бәрі ауыл халқының наразылығын тудырады.

"Әлі күнге үйлерді жер учаскесімен бірге меншікке беру тетігі табылған жоқ", - деді Сыздықов.

Тағы оқыңыз: Депутат Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік тұрғын үйлердің қорқынышты екенін айтт

Мәжілісмен ауылда балабақша, мектеп те жоқ екенін алға тартты. Тіпті елді мекеннің жартысы орталықтандырылған жылу және кәріз жүйесіне қосылмаған.

"Халық арасында республикалық бюджеттен ауылды жөндеуге бөлінген ақшаны алаяқ құрылысшылар мен парақор шенеуніктер жеп қойды деген сыбыс тараған", - дейді депутат.

Осы орайда Сыздықов арнайы үкіметтік комиссия құрып, проблеманы түбегейлі шешу үшін шаралар қолға алуды ұсынды.

Жаңалықтар
0