НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін қоса атқаратын бірқатар мемлекеттің дипломатиялық өкілдерінен сенім грамоталарын қабылдады. Салтанатты рәсім дәстүр бойынша президент резиденциясында өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Елшілер Лесли Ача Опоку-Уаре (Гана Республикасы), Густаво Адольфо Лопес Кальдерон (Гватемала Республикасы), Карстен Сендергорд (Дания Корольдігі), Майк Санго (Зимбабве Республикасы), Андрей Негуца (Молдова Республикасы), Джон Мацца (Сан-Марино Республикасы), Бранко Раковец (Словения Республикасы), Рамиз Башич (Черногория), Симон Марко Мумви (Біріккен Танзания Республикасы), Манаса Такгисакибау (Фиджи Республикасы) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды.
Тоқаев дипломатиялық корпус өкілдеріне арнаған сөзінде саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзір екенін мәлімдеді.
Кездесу соңында мемлекет басшысы елшілердің қайырымды істеріне табыс тілеп, мемлекет басшыларына сәлемін жолдады.