Экономика

Астықтың кем жиналуы нан бағасына әсер ете ме – министр жауап берді

© Photo : СС0 / klimkinХлеб
Хлеб - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауыл шаруашылығы министрі астық көлемі ішкі нарықты қамтамасыз етуге жеткілікті болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Биыл 1-1,5 тонна астық кем бастырылады, бірақ бұл нан бағасына әсер етпейді. Бұл туралы бүгін ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Нан жыл басынан бері қымбаттап жатыр дегенмен келіспеймін. Өйткені осы жылдың басында мен брифинг өткізіп, нан бағасын ұстап тұру үшін Азық-түлік корпорациясы нан пісіретін комбинаттарға 100 мыңнан 150 мың тоннаға дейін астықты төмен бағамен сататынын айтқан едім. Сол бидайдың 100 мың тоннасын саттық. Нанның бағасы содан бері тұрақты тұр", - деді Омаров үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның бірнеше облысында аптап ыстықтан егіс алқаптарына зиян келді

Министр аптап ыстықтан биыл 1-1,5 миллион тонна астық кем бастырылатынын атап өтті.

"Кем жиналған астық ішкі нарыққа қатты әсер етпейді. Өйткені 19 миллион тонна астық бастырсақ, оның 9 миллионы ішкі нарықта қалады. Қалған 7-8 миллион тоннасын экспортқа шығарамыз, ар жағында тағы екі миллион тоннасы қалады. Оның үстіне былтырдан қалған 1,5 миллион тонна астық тағы бар. Бәрін қосқанда, астық көлемі ішкі нарықты қамтамасыз етуге жеткілікті", - деп сендірді ведомство басшысы.

Айта кетсек, республика бойынша дәнді дақылдар алқабы 15,2 миллион гектарды құрайды. Қазір оның 4,8 миллион гектары жиналды, бұл 31,7%.

Жаңалықтар
0