Саясат

Тоқаев алдағы сайлауларға қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Абзал КалиевҚасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы сайлаулар еліміздегі көппартиялы жүйені ары қарай дамытуға ықпалын тигізеді деген пікірде мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысты өз пікірін айтты , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен мемлекет басшысы ретінде көппартиялы жүйені дамытуым қажет деп білемін. Саяси бәсекелестік пен пікір плюрализмі саяси жүйенің тұрақтылығына аса қажет",- деді Тоқаев бүгін халыққа арнаған алғашқы жолдауында.

Осы орайда президент алдағы мәжіліс пен мәслихат сайлауларына қатысты өз ойын жеткізді.

"Алдағы мәжіліс пен мәслихат сайлаулары еліміздегі көппартиялы жүйені ары қарай дамытуға өз септігін тигізуі керек", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Айта кетейік, бүгінгі жолдауда мемлекет басшысы саяси реформаларды іске асыру жоспарын айтып берді.

"Мен саяси трансформацияны іске асыруға уәде берген болатынмын. Біз оны мемлекет пен халықтың мүддесіне қарай біртіндеп атқарамыз. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, бірден әрі жүйесіз жасалған саяси либерализация ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздануына әкеліп соқтырады. Тіпті, мемлекеттілікті жоғалтып алу қаупі бар.

Біздің фундаменталды ұстанымымыз бір, табысты экономикалық реформаларды еліміздің саяси-қоғамдық өмірін жаңғыртусыз іске асыру мүмкін емес. Мықты президент, күшті парламент және есеп беретін үкімет. Бұл – әлі іске аспаған факт емес, нақты мақсат. Соған жылдам жетуіміз керек", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Тағы оқыңыз: Тоқаев 1 қаңтардан бастап өзгеріс болатынын айтты

Жаңалықтар
0