НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Алматыда қуаты 2-3 балл жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедицияның сайты.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстікке қарай бес шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық классы 8.5. Тереңдігі 15 км", - делінген хабарламада.
Сейсмологтардың мәліметінше, алматылықтар қуаты 2-3 балл жерасты дүмпулерін сезініпті.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 15:06-да болды.