Оқиға

Алматыда ЖОО оқытушысы қызды соққыға жықты: университет түсініктеме берді

© Photo : LukasМужчина показывает кулак
Мужчина показывает кулак - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЖОО мәлімдегендей, бұрын-соңды педагог тәртіпбұзушылыққа бармаған, бірақ осы жайттан кейін жұмыстан шеттетіліпті

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек - Sputnik. Алматыдағы "Тұран" университетінің оқытушысы көшеде кетіп бара жатқан бетайныс қызды ұрып-соқты. Бұл туралы соққыға жығылған қыздың құрбысы әлеуметтік желіде жазған. Жоғарғы оқу орны оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Қыздың құрбысының әлеуметтік желідегі жазбасына сүйенсек, оқиға 28 тамызда болған. Бойжеткенге көшеде кетіп бара жатқан шымыр денелі жігіт әй-шәй демей тап берген, салдарынан жәбірленушінің тісі сынып, көптеген жарақат алды, сондай-ақ гаджеттері сынып қалған. Ақыры соңында ер адамды оқиға куәгерлері ұстаса керек.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысы лагеріндегі шу: оқиғаның неден басталғаны белгілі болды

"Тұран" университетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, оқытушы қазір педагог абыройына нұқсан келтіргені үшін жұмыстан шеттетілген.

"Университетте жұмыс істеп жүрген жылдар ішінде қауіпті іс-әрекетке баруы мүмкін екенін көрсететіндей мінез-құлық көрсеткен емес. Жәбірленуші тез сауығып, моральдық және психологиялық тұрғыдан өз-өзіне келеді деп үміттенеміз", - делінген университеттің ресми Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Администрация университета "Туран" в настоящее время отстранила преподавателя Хаджиева А.Х. от работы, так как считает, что данный поступок дискредитирует облик педагога. ⠀ Инцидент в настоящее время расследуется правоохранительными органами, которые дадут правовую квалификацию его противоправным действиям согласно законодательству РК. За период его работы в нашем университете не было замечено с его стороны недопустимых действий и фактов, которые могли бы указать на возможность совершения им общественно опасных деяний. ⠀ Надеемся на скорейшее выздоровление, моральное и психологическое восстановление пострадавшей и правовую квалификацию правоохранительными органами действий Хаджиева А.Х. В свою очередь, университет созвал дисциплинарную комиссию для рассмотрения данного недопустимого проступка Хаджиева А.Х. ⠀ Администрация университета уже связалась с родителями, справилась о состоянии здоровья пострадавшей, высказала свою позицию в отношении инцидента и поставила в известность о мерах, принятых в отношении Хаджиева А.Х.

Публикация от Turan University (@univer_turan)

Оқиғаны құқық қорғау органдары тергеп жатыр, олар Қазақстанның заңнамасына сүйене отырып, құқықбұзушылықтың құқықтық квалификациясын анықтайды, деді ЖОО.

Сондай-ақ университет әкімшілігі ЖОО қызметкерінің әрекетін қарау үшін дисциплинарлық комиссияны шақырған екен.

"Тұран" университеті Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алматы мен Нұр-Сұлтанда филиалдары бар.

Жаңалықтар
0