НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстан президентінің құттықтауы твиттерде жарияланды.
Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы оқушыларымыз бен студенттеріміз үшін жетістіктерге толы болсын. Цифрландыру заманындағы озық білім мен дағды – жастарымыздың жарқын келешегінің кепілі. Ұстаздардың игі қызметтеріне табыс тілеймін.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 1 сентября 2019 г.
"Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы оқушыларымыз бен студенттеріміз үшін жетістіктерге толы болсын. Цифрландыру заманындағы озық білім мен дағды – жастарымыздың жарқын келешегінің кепілі. Ұстаздардың игі қызметтеріне табыс тілеймін", - деп жазды Тоқаев.
Айта кетсек, биыл президент алғаш рет ұстаздардың тамыз конференциясына қатысты. Елордада өткен жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіру туралы тапсырма берді.
Тағы оқыңыз: 1 қыркүйек демалысқа түсіп тұр: мұғалімдерге ақы төлене ме?
Білім және ғылым министрлігінің ақпаратынша, жаңа оқу жылында үш миллионнан астам оқушы мектепке барады. Соның ішінде 400 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Бұдан бөлек, 10 мыңнан астам жас педагог кәсіби қызметіне кіріседі.