НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз — Sputnik. Башқұртстандағы Исмаилова селосының 28 жастағы тұрғыны өзінің баласын қайда жерлегенін айтты. Бірнеше күн бойы ізделген сәбидің анасы қылмысын мойындады, деп хабарлайды Life.
"2019 жылдың 29 тамызында күдікті өзінің бір жасар баласын тұншықтырып өлтірген. Кейін үйінің жанында жерлеген", - деп жазылған хабарламада.
© Photo : әлеуметтік желіден алынды28 жастағы әйел баласын өлтіргенін мойындады
28 жастағы әйел баласын өлтіргенін мойындады
© Photo : әлеуметтік желіден алынды
Жауап алу кезінде 28 жастағы әйел қылмысын мойындап, баланың денесі жатқан жерді көрсетті. Әйел қамауға алынатын болады.
Тағы оқыңыз: Семейде анасы үш жасар баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді
Башқұртстандықтар екі күн бойы Тимур есімді баланы іздеген болатын. Ол жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Анасы баланың жатқан жерінен жоқ болып кеткенін хабарлаған. Бүгін баланың денесі табылды.