НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз — Sputnik. Аралас жекпе-жек спортшысы Арман Әшімов (10-3-1) кәсіби карьерасындағы он бесінші жекпе-жегін өткізді.
Қазақстандық спортшы Ресейдің Орынбор қаласындағы M-1 Challenge 104 турниріне қатысты. Ол бразилиялық Флавио Да Силва Сантоспен (9-3) жекпе-жек өткізді. Қарсыласының мықты болғанына қарамастан, Әшімов төрешілер шешімімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бразилиялық спортшы бірінші раундта айналып теуіп, Әшімовтің мұрнын сындырды. Алайда бұл қазақстандықтың жеңіске жетуіне кедергі бола алмады.
Арман Әшімов ММА-дегі карьерасында он бірінші жеңісіне жетті. Мамыр айында қол жарақаты салдарынан Александр Доскальчуктен (10-1) жеңілген болатын. Ал содан кейін үш рет қатарынан қарсыласын ұтып отыр. Бұған дейін қазақстандық Кристиан Кольядо (0-1) мен Кайк Аленкардан (9-1) басым түсті.