Қоғам

Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Шолпан Қаринова "Назарбаев зияткерлік мектептері" педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары болған

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз — Sputnik. Шолпан Қаринова Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Шолпан Қаринова 1972 жылы дүниеге келген.

1994 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын тәмамдады. "Қазақ мектебіндегі орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша білім алған. 2016 жылы Омбы қаласындағы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірді. "Педагогикалық білім" магистрі атанды.

© Photo : Сайт премьер-министра КазахстанаШолпан Қаринова Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды
Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Шолпан Қаринова Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінде мұғалім болып бастаған. Колледж оқытушысы, мектеп директоры қызметтерін атқарды.

2005 - 2018 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасында, Қазақстанның білім және ғылым министрлігінде істеді.

Тағы оқыңыз:"Маған қысым көрсетті": білім министрлігінде тағы да шу шықты

2018 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Назарбаев зияткерлік мектептері" педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары болған.

Жаңалықтар
0