НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамптың жеке көмекшісі журналистерге басшысының құпиясын жария етіп қойғаны үшін қызметінен кетті.
The New York Times ақпаратынша, Мадлен Вестерхауттың жұмыс орны президент кабинетіне қарама-қарсы болған.
Нью-Джерси штатындағы бейресми кешкі ас кезінде Вестерхаут журналистерге Трамптың жеке өмірі мен кабинетте немен айналысатынын айтып қойған. АҚШ президенті көмекшісінің БАҚ өкілдеріне артық мәлімет беріп қойғанын білгеннен кейін, Вестерхаут жұмыстан кету туралы өтініш жазды.
Тағы оқыңыз: Жігіт қалыңдығының құпиясын біліп қойып, жантүршігерлік қылмыс жасады
Вестерхаут 2012 жылы президент науқаны барысында республикашыл Митт Ромнимен жұмыс істеген.
Кейбір деректерге сүйенсек, 2016 жылғы президент сайлауында ол Трамптың жеңіске жеткеніне қапаланып, жылаған көрінеді.