Әлем

Әлем чемпионы қайтыс болды – қайғылы оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Рамиль СитдиковЦветы в память о погибших в ТЦ «Зимняя вишня»
Цветы в память о погибших в ТЦ «Зимняя вишня» - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүзуден әлем чемпионы өзенге батып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз — Sputnik. Жүзуден әлем чемпионы әрі рекорд орнатқан спортшы Николай Петшак жаттығу кезінде Енисей өзеніне батып кеткен, деп хабарлайды РИА Новости.

"Ресейдің Красноярск қаласында Беринг бұғазын жүзіп өту жарысына қатысушы, жүзуден әлем чемпионы әрі рекорд орнатқан спортшы өзенге батып кетті. Николай Петшак суық суда жүзуден спорттық-сауықтыру орталығының директоры болған. Қайғылы оқиға Енисей өзеніндегі жаттығу кезінде болды", - деп жазылған хабарламада.  

Тағы оқыңыз: "Орны толмас қайғы": белгілі актриса қайтыс болды

Николай Петшак 64 жаста болған. 40 жыл бойы жүзумен айналысқан. 1994 жылы суық суда ең ұзақ уақыт бойы болып, әлемдік рекорд орнатты. 2012 жылы суық суда жүзуден әлем чемпионы атанды.

Жаңалықтар
0