Өңірлер

Талғарда қоғам белсендісіне оқ атты: әкім мен оның жүргізушісі ұсталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуТалғарда қоғам белсендісіне оқ атты: әкім мен оның жүргізушісі ұсталды
Талғарда қоғам белсендісіне оқ атты: әкім мен оның жүргізушісі ұсталды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысының полициясы шенеуніктің ұсталғанын растады

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз — Sputnik. Алматы облысы Панфилов ауылдық округінің әкімі Нұрғали Аппазов пен оның жүргізушісі Ғани Сманов қоғам белсендісі Галина Арзамасоваға оқ ату ісі бойынша ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қылмыстық кодекстің 293-бабы үшінші бөлімі "Қару қолдану немесе қару қолдануға әрекет ету арқылы қылмыстық топ жасаған бұзақылық" бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Заңға сәйкес ұсталғандардың үштен жеті жылға дейін бас бостандығы шектелуі мүмкін.

"Галина Арзамасоваға қатысты қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық фактісі бойынша Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі Аппазов Нұрғали Әділбекұлы мен оның жүргізушісі Сманов Ғани Хамидинұлы ұсталды. Тергеуді Алматы облысының полиция департаменті жүргізіп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Галина Арзамасоваға жасалған қастандық

Белсенді Галина Арзамасова Панфилов ауданындағы Қарабұлақ ауылында тұрады. Ол азаматтардың пікірі ескерілмей жерді сатуға қарсы шыққан, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен ашық және түсінікті байланысын қамтамасыз етуді талап етті.

Тағы оқыңыз: Алматыда белгілі әртістің әйелі күйеуінен көрген қорлығын жайып салды

Дүйсенбі, 26 тамызда Арзамасова өңір басшысымен кездесуге қол жеткізу мақсатымен Талғарға келеді. Бірақ әкімдік ғимаратына кіре бергенде белгісіз біреу оған оқ атып, қашып кеткен. Оқ жамбас сүйегіне тиген.

Бұған дейін қоғам белсендісі әйел бірнеше рет өзіне қоқан-лоққы жасалғанын айтқан еді.

Жаңалықтар
0